Қазақстандық Apple-да басшылық қызметке тағайындалды

Фото: instagram.com/adilkhankopabayev

29 жастағы қазақстандық Әділхан Қопабаев Орталық Азия мен Армениядағы мемлекеттік саясат және үкіметпен байланыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 жастағы қазақстандық Әділхан Қопабаев Орталық Азия мен Армениядағы мемлекеттік саясат және үкіметпен байланыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында мәлімдеді.

"Apple Inc. компаниясына Орталық Азия мен Армениядағы мемлекеттік саясат және үкіметпен байланыс бөлімінің басшысы ретінде қосылғанымды қуана хабарлаймын", – деп жазды Әділхан.

Реклама
Реклама

Әділхан 1995 жылы 9 шілдеде Ақтөбеде дүниеге келген. 2017 жылы Оңтүстік Кореядағы Ульсан Ұлттық Ғылым және технологиялар институтын (NIST) "инженер-урбанист және технологиялық менеджмент" мамандығы бойынша бітіріп, беделді UNIST Global Uni-Star стипендиясының иегері болған.

2022 жылы Қопабаев Brown University (Провиденс, АҚШ) Мемлекеттік басқару бойынша магистратураны аяқтап, Рокфеллер қорының стипендиясын алды.

Әділхан үйленген, екі баласы бар екені белгілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама