08 сәуір 2022 | 11:48

Қазақстанның Моңғолия мен Қытайдағы елшілері тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/pressmfakz

Қазақстанның Моңғолия мен Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Моңғолия мен Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - делінген Жарлықта.

Сондай-ақ, Шахрат Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған. Бұған дейін Шахрат Нұрышев сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылған болатын.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев та қызметінен босатылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная