Қазақстанның Пәкістандағы елшісі тағайындалды

Ержан Кистафин. Фото: t.me/pressmfakz

Ержан Қыстафин Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Ержан Қыстафин Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сансызбайұлы Қыстафин Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Қыстафин 1978 жылы 8 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "Халықаралық заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Еуропа халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының (Брюссель) халықаралық қатынастар саласындағы магистр дәрежесі бар.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 1999 жылы Нұр-Сұлтан қаласы Әділет басқармасының сот приставы лауазымынан бастады, Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінде жұмыс жасаған.

Қазақстанның Пәкістандағы елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2019 жылдан бастап АҚШ-тағы елшіліктің кеңесші-уәкілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама