ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2022 | 11:53
Конституциялық сот судьялары тағайындалды
Ерлан Сәрсембаев, Асан Ескендіров және Айгүл Қадырбаева Конституциялық соттың судьясы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ерлан Сәрсембаев, Асан Ескендіров және Айгүл Қадырбаева Конституциялық соттың судьясы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Конституцияға сәйкес Парламенттің әр палатасы Конституциялық соттың үш судьясын тағайындайды. Кандидаттарды Палата төрағасы ұсынады.
"Осыған байланысты мен Сенат атынан Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаевты, Асан Қайруллаұлы Ескендіровті және Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаеваны Конституциялық соттың судьясы лауазымына ұсынамын", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Әшімбаевтің айтуынша, ұсынылған кандидаттар құқық қорғау органымен сот жүйесінің Конституциялық заңнамасы комитеті отырысында алдын ала талқыланған.
Сенаторлар Ерлан Сәрсембаев, Асан Ескендіров және Айгүл Қадырбаеваның кандидатурасына дауыс берді. Олар жаңа қызметтеріне 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кіріседі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также