01 маусым 2022 13:35

Қорғаныс министрінің жаңа кеңесшісі тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: gov.kz

Әлішер Сүлейменов қорғаныс министрінің кеңесші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлішер Сүлейменов қорғаныс министрінің кеңесші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Қорғаныс министрінің бұйрығымен Әлішер Асқарұлы Сүлейменов идеология, ақпарат және коммуникация жөніндегі кеңесші болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әлішер Сүлейменов әр жылдары отандық бұқаралық ақпарат құралдарында бас редактор, бас продюсер, директорлар кеңесінің төрағасы, медиахолдингтердің басшысы лауазымдарын атқарған.

Реклама
Реклама

Ұзақ уақыт Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының кеңесшісі лауазымдарында жұмыс істеген.

Журналистика және кинематографиялық өнер, Ғылым академияларының академигі, Қазақстан Республикасы Кинематографистер және Журналистер одақтарының мүшесі, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" медалімен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram