ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мамыр 2021 | 14:04
Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қостанай облысы әкімдігінде жаңа тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қостанай облысы әкімдігінде жаңа тағайындаулар болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.
20 мамырда Президент Әкімшілігінің келісімі және облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып Арман Әбенов тағайындалды. Бұған дейін ол облыс әкімінің кеңесшісі, Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Әбенов кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер, сондай-ақ еңбек инспекциясы мәселелеріне жетекшілік етеді.
Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов Қостанай облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы Эльдар Күзенбаевты таныстырды. Бұған дейін ол Nur Otan партиясы Қостанай облыстық бөлімше төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также