ҚТЖ-ның жаңа басшысы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Талгат Алдыбергенов. Фото: railways.kz

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Талғат Алдыбергенов келді. Ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне ұлттық компания растады.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның жаңа басқарма төрағасы тағайындалды. Бұл қызметке Талғат Алдыбергенов келді. Ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне ұлттық компания растады.

Тағайындалғанға дейін Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ҚТЖ ұжымына басқарманың жаңа төрағасы Талғат Сағиұлы Алдыбергеновті таныстырды.

Реклама
Реклама

Өмірбаяны

Талғат Алдыбергенов Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, жасы 55-те. Алматы теміржол инженерлері институтын және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек өтілі:

  • Батыс Қазақстан темір жолының Орал бөлімшесіндегі Қазақстан станциясында жүк кассирі;
  • Орал станциясы бастығының орынбасары, Орал бөлімшесінің жүк және коммерциялық жұмыс бөлімі бастығының орынбасары, БҚТЖ жол коммерциялық ревизоры;
  • "Желдорэкспедиция" МЕҰ Ақтөбе филиалы директорының бірінші орынбасары (1998);
  • "ҚТЖ" РМК-ның "Фирмалық көлік қызметі орталығы" МЕҰ Ақтөбе филиалының директоры;
  • "ҚТЖ" МЕҰ – "Казтранссервис" директоры;
  • "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры;
  • "Кедентранссервис" АҚ президенті (2008);
  • Көлік компанияларының басқарма төрағасы;
  • "Каспий" тауар биржасы" АҚ президентінің кеңесшісі;
  • "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2024 жылдың маусымынан бастап).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама