12 қазан 2022 | 10:30

Қуаныш Елікбаев сауда министрлігі комитетінің басшысы болды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қуаныш Елікбаев ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қуаныш Елікбаев ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР сауда және интеграция министрі бұйрығы бойынша, Қуаныш Нұрланұлы Елікбаев Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қуаныш Елікбаев 1988 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 

Реклама
Реклама

Қазақстан-Британ техникалық университетін, Халықаралық бизнес университетін, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын, Ресей халықтар достығы университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы бағдарламашы-жүйе әкімшісі болып бастаған.

2006-2007 жылдары жекеменшік компанияларда жұмыс істеген.

2009-2012 жылдары "Мұнай және газ өнеркәсібінің бас диспетчерлік басқармасы" АҚ-да ("Мұнай және газ ақпараттық-сараптамалық орталығы") жетекші маман, бас сарапшы, басқарма бастығы, Техникалық реттеу департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

2012-2014 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияда (Мәскеу) техникалық регламенттерді әзірлеу бөлімінің консультанты, Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің әдіснама бөлімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

2015-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаменті бас сарапшының м.а., бас сарапшы, ЕурАзЭҚ және Кеден одағының жұмыс істеу мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болған.

2016 жылы ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" РМК бас директордың орынбасары болған.

2017-2021 жылдары – Еуразиялық экономикалық комиссияда (Мәскеу) ішкі нарықтардың жұмыс істеу департаменті директорының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін - ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.

Бұрын осы қызметте болған Арман Дәулетұлы Әбенов берілген өтінішіне сәйкес қызметтен босатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная