17 тамыз 2022 17:58

Қуаныш Ерғалиев ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: primeminister.kz

Қуаныш Ерғалиев ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуаныш Ерғалиев ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ ұлттық медицина университетін, Тулейн университетін, "Қазтұтынуодағы" Қарағанды экономикалық университетін, Гарвард университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясында фельдшер болып бастаған.

Реклама
Реклама

2009-2014 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2014-2019 жылдары – Назарбаев Университеті Интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесі департаментінің аға менеджері.

2019-2021 жылдары – Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры қызметін атқарған. 

2021 жылдың маусымынан бастап білім және ғылым вице-министрі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram