Лұт Әлшекенов Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Лұт Әлшекенов Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болды Фото:gov.kz

Лұт Әлшекенов Тұңғыш Президент - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Лұт Әлшекенов Тұңғыш Президент - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Лұт Сапуұлы Әлшекенов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген Жарлықта.

Лұт Әлшекенов 1966 жылы 13 тамызда Астрахан облысы Краснояр ауданы Қараөзек ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Астрахан облысы Краснояр ауданы Байбек ауылында орта мектепті бітірген.

Жарнама
Жарнама

Әскери қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобынан бастаған. 2020 жылдың наурызынан бастап Қорғаныс министрлігі Кадр жұмысы басқармасының бастығы қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама