28 қазан 2024 | 14:12

Мәди Такиев Нұртай Әбіқаевты алмастырып, федерация президенті болды

Мәди Такиев. Фото: gov.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстан волейбол федерациясының президенті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстан волейбол федерациясының президенті болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматыда Қазақстан волейбол федерациясының (ҚВФ) қорытынды есеп беру конференциясы өткізіліп, онда ұйымның жаңа президенті болып Мәди Такиев сайланды", - делінген хабарламада.

Мәди Төкешұлы Нұртай Әбіқаевты алмастырып, федерацияны 2024-2028 жылдар аралығында басқаратын болады

Реклама
Реклама

"Бұл ретте отандық спорт қауымдастығының жаңа басшысы делегаттарға сенім білдіргені үшін ризашылығын жеткізіп, Нұртай Әбікаевқа федерацияның құрметті президенті болып, ҚВФ қамқоршылық кеңесін басқаруды ұсынды".

Сондай-ақ, Мәди Такиев жиналғандарға Мемлекет басшысының еліміздегі спортты қаржыландыру саясатын қайта қарауды тапсырғанын еске салды. Айталық, клубтар мен федерациялар Қазақстанның шалғай өңірлеріндегі бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып, демеушілердің тізімін қалыптастыруды бастауға тиіс. Бұған қоса федерация президенті жергілікті спортшыларды даярлауға жіті көңіл бөлу қажет екенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная