Мәжіліс депутатының ағасы су шаруашылығы институтына басшы болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың ағасы Серік Саиров Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың ағасы Серік Саиров Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығымен Саиров Серік Бияхметұлы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазСШҒЗИ) бас директоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Депутат пікірі

Реклама
Реклама

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Tengrinews.kz-ке Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жаңа басшысы оның туған ағасы екенін растады.

"Бірақ менімен ешқандай қызметтік байланысы жоқ. Мамандығы бойынша өзі өсіп келе жатыр. Гидрология ғылымдарының кандидаты, профессор", – деп пікір білдірді ол.

Серік Саиров кім?

Серік Саиров – құрлық гидрологиясы, гидрологиялық есептеулер және су ресурстарын бағалау саласындағы маман. Ол 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Құрлық гидрологиясы" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы құрлық гидрологиясы, су ресурстары және гидрохимия бағыты бойынша география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 2017 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы ҚР ҰҒА География институтының гляциология зертханасында I санатты инженер болып бастаған.

Әр жылдары С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде география кафедрасының оқытушысы, сондай-ақ "Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы" РМК Шығыс Қазақстан филиалының директоры және бірінші директордың орынбасары қызметтерін атқарған.

2007 жылдан бастап "Қазгидромет" РМК құрылымында еңбек етті. Онда ол Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры, Алматы бойынша филиал директоры, Гидрология департаментінің директоры, Ғылыми-зерттеу орталығының директоры және кәсіпорын бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін "Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

2016 жылы ол "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама