ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қаңтар 2022 | 10:56
Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан полициясының басшысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан полициясының басшысы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Марат Төлебаев тағайындалды", - делінген хабарламада.
ІІМ басшысы оны жеке құрамға таныстырды.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Ержан Сәденов ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
"Елордамыз қарқынды дамып келеді, оның тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды. Аумақтық бөлімшені басқаруда мол тәжірибесі бар Марат Төлебаев Мемлекет басшысының ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерін орындау жұмыстарын жалғастыратынына сенімдімін. Оның ішінде халықпен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, полиция қызметін цифрландыру және қылмысқа қарсы күрес. Біздің елордамыз әлемдегі ең қауіпсіз қалалардың қатарында болуы тиіс", - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Марат Төлебаев 1969 жылы туған. Ішкі істер органдарындағы қызметін Қостанай облысында қылмыстық іздестіру жедел уәкілі лауазымынан бастаған. Әр жылдары елордада полиция департаментінің бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды. Қостанай облысы және Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментін басқарған. Полиция генерал-майоры арнайы атағы бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также