ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 наурыз 2022 13:05
Маржан Әкімжанова Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды
Маржан Әкімжанова Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Маржан Әкімжанова 2021 жылы ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалған болатын.
Бұған дейін ол Президент баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу