ПОДЕЛИТЬСЯ
30 шілде 2021 | 12:23
Мемлекеттік күзет қызметі басшысы міндетін уақытша Ермек Сағымбаев атқарады
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша Ермек Сағымбаев атқарады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша Ермек Сағымбаев атқарады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Е.А.Сағымбаевқа жүктелді", - деп жазды Берік Уәли Facebook-те.
Ермек Сағымбаев 1967 жылы 11 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын "электротехника" мамандығы бойынша, сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "заңтану" мамандығы бойынша бітірген.
1994-2006 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік қызметтерде болды. 2006 жылы мамырда ол Президенттің қауіпсіздік қызметінің жеке құрамына алынды. 2006 жылдан 2019 жылға дейін қызметтік аппараттың офицерлік және басқарушылық қызметтерінде, сондай-ақ жедел қолдау бөлімшелерінде қызмет атқарған.
2019 жылдың мамырында Мемлекет басшысының өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Президенттің күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.
2021 жылы 27 шілдеде Мемлекет басшысының бұйрығымен ол Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.
ІІІ, ІІ дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" және ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медальдарымен марапатталған. Президенттің жарлығымен 2020 жылдың мамырында оған генерал-майор атағы берілді.
Бұған дейін Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также