ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2022 | 18:22
Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымына қайта тағайындалды
Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мұрат Нұртілеу бұл қызметке 2022 жылғы ақпанда тағайындалған еді.
Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматыда дүниеге келген.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген (1998).
1998-2007 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;
2007-2011 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы;
2011-2014 жылдары. - ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;
2014-2016 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарды;
2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы және оған қоса Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды;
2019-2021 жылдары - ҚР Президентінің көмекшісі;
2021-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары;
2022 жылғы 5 қаңтардан бастап - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также