13 шілде 2022 | 11:13

Нұр-Сұлтан сотының төрағасы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: almaty.sud.kz

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов ұжымға Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы Ақан Жұмағұловты таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов ұжымға Нұр-Сұлтан қаласы сотының жаңа төрағасы Ақан Жұмағұловты таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының 11 шілдедегі жарлығы бойынша, бұған дейін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған Ақан Жұмағұлов елорданың қалалық сотының төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Жүкенов елордалық соттың жаңа төрағасын таныстыра отырып, оны сот жүйесінде өзін жақсы жағынан көрсете білген, құқық қолдану тәжірибесі мен сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлетін жоғары білікті маман екенін айтты.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы сол Жарлық бойынша тағайындалған аудандық соттардың төрағаларын және елорданың қалалық сотының судьяларын таныстырды.

"Есіл аудандық сотының төрағасы болып Алмас Сәлімов, Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып Дәуренбек Даумов тағайындалды. Нұр-Сұлтан соттың судьясы лауазымына Айбек Әмірғалиев, Гүлнар Дәулешова, Анар Кәрімова тағайындалды", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная