06 қаңтар 2025 | 11:13

Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Нуралхан Кушеров. Фото:gov.kz

Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Көшеров Нұралхан Оралбайұлы 1984 жылы 20 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғарғы.

Реклама
Реклама

2005 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік университетін; 2007 жылы Қазақ Гуманитарлық заң университетін; 2019 жылы- Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы жоғары білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін тәмамдаған Мамандығы - Экономист; қаржы және несие; құқықтану салалары.

2023 жылдан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының әкімі қызметін Дархан Сатыбалды атқарды. Ол бұл қызметті 2022 жылғы 31 тамыздан бастап бүгінге дейін атқарды. 2025 жылғы 6 қаңтарда Дархан Сатыбалды Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная