27 тамыз 2021 | 14:19

Нұрлан Әбдіров Президент жанындағы комиссия құрамына кірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Нұрлан Әбдіров. Фото: parlam.kz

Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарлық Ақорда сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес, Нұрлан Әбдіров комиссия құрамынан шыққан Игорь Роговты алмастырған.

"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, төраға (келісім бойынша)", - делінген жарлықта.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бүгін Тұңғыш Президент - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары қызметін атқаратын Игорь Роговты Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына енгізу туралы Президент жарлығы жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная