ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2021 | 11:10
Нұрлан Жалғасбаев Қазақстанның Үндістандағы елшісі болды
Нұрлан Жалғасбаев Қазақстанның Үндістандағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрлан Жалғасбаев Қазақстанның Үндістандағы елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
"Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Нұрлан Жалғасбаев 1970 жылы 2 сәуірде Ақтөбе облысының Алға қаласында дүниеге келген. Петрозаводск мемлекеттік университетін бітірген.
Дипломатиялық мансабын 1993 жылы Азия елдері басқармасының референті ретінде бастаған. СІМ орталық аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде көпжақты ынтымақтастық департаментін, халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментін және Еуропа департаментін басқарды.
Қазақстанның Литвадағы, Грузиядағы, Норвегиядағы, Италиядағы елшіліктерінде және Қазақстанның БҰҰ жанындағы Нью-Йорктегі тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді. 1999-2000 жылдары Президент Протоколы бастығының орынбасары болды.
Қазақстанның Үндістандағы елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры болған.
II санатты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также