ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2022 | 14:45
Нұрлан Онжанов елші болып тағайындалды
Нұрлан Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұрлан Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің бастығы лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.
Сондай-ақ, Дәурен Кәріпов Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елші лауазымынан босатылды.
"Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Нұрлан Онжанов 2019 жылы наурызда Президент кеңсесінің басшысы болып тағайындалған болатын. Онжанов 2014 жылдан бері Президенттің көмекшісі қызметін атқарған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также