01 желтоқсан 2022 17:05

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі қызметін сақтап қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген Жарлықта.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында "Казахойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.

2013-2021 жылдары Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.

2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram