ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2023 | 15:32
Нұрсұлтан Мұқашев Ақмола облысы полициясының басшысы болды
Ақмола облысында ПД-ның жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысында ПД-ның жаңа басшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша, Ақмола облысы ПД бастығы болып полиция полковнигі Нұрсұлтан Мұқашев тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жаңа бастықты жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев таныстырды. Мұқашев 1977 жылы 22 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген.
ІІО-дағы қызметін 1998 жылы Қарағанды облысы ІІБ анықтау бөлімшесінің анықтаушысы қызметінен бастады. Ол Қарағанды облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында түрлі лауазымдарда болған.
2010-2020 жылдары Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов полиция бөлімін, Саран қаласы ІІБ, Қарағанды қаласы ПБ, Шахтинск қаласы полиция бөлімін басқарды.
Сондай-ақ, Астана қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасарын лауазымында болған. Бұған дейінгі лауазымы - Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также