Орал полициясына жаңа басшы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Орал қалалық ПБ бастығы болып Сағындық Аяғанов тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орал қалалық ПБ бастығы болып Сағындық Аяғанов тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы қалалық Полиция департаментінен Сағындық Аяғанов Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Орал қалалық Полиция басқармасы басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сағындық Аяғанов бұған дейін Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарғаны белгілі. Полковник шені бар.

Реклама
Реклама

Еске салайық, ІІМ басшысы ауыс-түйіс жасады. Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары, сондай-ақ Алматы қаласы Полиция департаменті басшыларының жаңа орынбасарлары тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама