Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды

Жақсылық Омар. Фото:gov.kz

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жақсылық Омар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

"Жақсылық Мұқашұлының мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар. Ол 6 жыл бойы облыс орталығының әкімі болды. Өңірдің барлық мәселесі мен тұрғындарының мұң-мұқтажы оған жақсы таныс. Ол жаңа әрі жауапты қызметке өз білімін, күш-жігерін барынша жұмсайтынына сенімдіміз", - деп жазды ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Жақсылық Омар туралы не белгілі?

Ол 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "география" мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін "жергілікті және мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Ол әртүрлі лауазымды қызмет атқарған. Соның ішінде 2018 жылы 20 тамызда Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама