ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қараша 2023 | 12:38
Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Серік Батырғожинов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Серік Батырғожинов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Павлодар облысы әкімінің өкімімен, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Серік Батырғожинов облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Серік Батырғожинов 1964 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын "Агрономия" мамандығы бойынша, ал, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Экономика және бизнес магистрі. Әр жылдары Қашыр, Ақтоғай, Ертіс, Тереңкөл, Баянауыл аудандарының әкімі қызметтерін атқарған. 2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также