03 маусым 2022 10:40

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Тоқтарханов Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.


Ержан Тоқтарханов Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Бұл қызметке Ержан Калимбекович Тоқтарханов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Тоқтарханов 1975 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі бойынша - экономист, заңгер. Сәкен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 24 жыл. 1997 жылдан бастап Өскемен қаласы бойынша салық инспекторынан Салық комитетінің төрағасына дейінгі лауазымды қызметтерді атқарған.

Әр жылдары Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басқарма басшысы лауазымын атқарған, сондай-ақ Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасын басқарған.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің бақылау департаментінің және Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети