Павлодардың бұрынғы әкімі жаңа қызметке келді

Фото:gov.kz

Павлодардың бұрынғы әкімі Ержан Иманзайыпов Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына басшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардың бұрынғы әкімі Ержан Иманзайыпов Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына басшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, Павлодардың бұрынғы әкімін жаңадан тағайындау туралы өкімге аймақ басшысы қол қойды.

Айта кетейік, 2017 жылы Иманзайыпов бұл ведомствоны басқарған. Былтыр қыркүйекте Павлодар әкімі қызметінен босатылғаннан кейін Иманзайыпов облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарған болатын.

Реклама
Реклама

Еске салайық, 2023 жылғы қыркүйекте Павлодар облысы әкімінің өкімі бойынша, Иманзайыпов әкім қызметінен кеткен болатын. Мұның алдында қарамағындағы қызметкерлерге қатысты жемқорлық дауы болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама