Президент Тоқаев Словакия, Хорватия және Молдовадағы елшілерді тағайындады

Дина Шарипханова Корреспондент
Президент Тоқаев Словакия, Хорватия және Молдовадағы елшілерді тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Словакиядағы, Хорватиядағы және Молдовадағы елшілерін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Словакиядағы, Хорватиядағы және Молдовадағы елшілерін тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Төлежан Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды, делінген Жарлықта.

Алтай Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Жарнама
Жарнама

Алмат Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама