03 қазан 2022 | 12:17

Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Рауан Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Алматы облысы әкімінің өкімі бойынша, ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Рауан Тұрданғазыұлы Рақымбеков Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Рақымбеков Рауан Тұрданғазыұлы 1980 жылы туған. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін 2001 жылы "Экология және табиғат пайдалану" және 2008 жылы "Қаржы" мамандықтары бойынша білім алған.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2002 жылы "Қайнар" ААҚ моноблок құю цехының қоймашысы болып бастаған, кейіннен қайта құю корпусының шебері болып жұмыс істеген. Әр жылдарда "Талдықорған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жетекші маман, Талдықорған қаласы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округінің әкімі, Текелі қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал және Ескелді аудандарының әкімі болып қызмет еткен.

2021 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
"Ерең еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная