03 қазан 2022 09:37

Руслан Иманқұлов ТЖМ ресми өкілі болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Руслан Иманқұлов Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Иманқұлов Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып Руслан Иманқұлов тағайындалды. Бұл туралы тиісті шешімді ТЖ министрі Юрий Ильин қабылдады", - делінген хабарламада.

Иманқұлов 1985 жылы Жамбыл қаласында туған. Білімі жоғары. ТЖ министрлігіндегі өз еңбек жолын Жамбыл облысы ТЖ департаментінің маманы болып бастаған. ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі болып қызмет атқарған.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ, ҚР ИИДМ БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік еткен.

"Юрий Ильин жеке құрамға таныстыра отырып, Иманқұловтың осы саладағы тәжірибесін атап өтті, сондай-ақ бірқатар басым міндеттерді белгілеп, алдағы жұмысына табыс тіледі", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram