ПОДЕЛИТЬСЯ
13 сәуір 2021 | 18:13
"Самұрық-Қазынада" ауыс-түйіс болды
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында кадрлық ауыс-түйіс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында кадрлық ауыс-түйіс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қордың қоғаммен байланыс департаментіне сілтеме жасап.
Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болып Болат Ақшолақов тағайындалды.
Жұртшылықпен және үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директор Марат Әйтенов болды.
Бұрын экономика және қаржы жөніндегі бірлескен басқарушы директор қызметін атқарған Ернар Жанәділ инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.
Ерлан Дүрмағамбетов стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды. Бірлескен басқарушы директор - Ернат Бердіғұлов.
Нәзира Нұрбаева экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор қызметіне тағайындалды.
Мұхтар Тәжіғалиев корпоративтік басқару және әлеуметтік еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор болды.
"Кадрлық тағайындаулар Қордың даму стратегиясына және жаңа ұйымдық құрылымға сәйкес қабылданды", - делінген "Самұрық-Қазына" хабарламасында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также