12 мамыр 2023 12:32

Санжар Әділов Қарағанды ​​облысы полициясының басшысы болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Қарағанды облыстық полициясының жаңа бастығын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Қарағанды облыстық полициясының жаңа бастығын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің бастығы болып Әділов Санжар Әскенұлы тағайындалды. Ведомство басшысы жаңа бастықтың бірқатар жауапты лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсіби шеберлігін атап өтіп, жаңа жұмыс орнында жетістіктер тіледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, министр осыған дейін департамент бастығы болған Ерлан Файзуллинге атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, Қостанай облысындағы жаңа жұмыс орнына сәттілік тіледі. Ведомство бастығы Қарағанды облысы полициясының басшылығы мен жеке құрамының алдында полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшу, проблемаға бағдарланған тәсіл мен сервистік элементтерді енгізу, қағазбастылықтан арылуды жалғастыру, сондай-ақ қызметті цифрландыру бойынша міндеттер жүктеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram