Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімі бойынша, 2025 жылы 21 шілдеден бастап қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне Марат Орымбасарұлы Пашимов тағайындалды", - делінген хабарламада.
Марат Пашимов 1981 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Денсаулық сақтау саласында 2003 жылдан бері еңбек етіп келеді. Әр жылдары медбике, анестезиолог-дәрігер болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, реанимация және телемедицина бөлімшесінің меңгерушісі, ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс мен төтенше жағдайлар жөніндегі бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарған. Қалалық емхананы, облыстық клиникалық аурухананы, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарған.
2023 жылдан бастап Алматы қаласындағы "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!