Сатыбалды ауыс-түйіс жүргізіп жатыр: Алматыда Бостандық ауданының әкімі тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Бостандық ауданының әкімі болып Азамат Қалдыбеков тағайындалды", - делінген хабарламада.

Азамат Қалдыбеков 1984 жылы 11 қазанда туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Дьюк университетінде (АҚШ, Солтүстік Каролина) құқық магистрі дәрежесін алған. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін қорғаған.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 2007 жылы Алматы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында жетекші маман қызметінен бастаған.

Әр жылдары ҚР Ұлттық банкі, "Самұрық-Қазына" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ құрылымдарында жұмыс істеген.

2018 жылы Алматы әкімі аппаратының бас инспекторы болып жұмыс істеді. 2018 жылы шілдеден 2019 жылы наурызға дейін Алматы Жетісу ауданы әкімінің аппаратының басшысы болған.

2019-2020 жылдары Алматы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары және Алматы Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2020-2024 жылдары Алматы Алатау ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

2024 жылдан осы уақытқа дейін Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылы Бірінші президенттік жастар кадрлық резервіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама