22 ақпан 2022 | 16:48

Семей полициясының жаңа басшысы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:Ернар Базаров/facebook.com

Ернар Базаров Семей қалалық полиция басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ернар Базаров Семей қалалық полиция басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылдың 21 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының ПД басшысы Серік Жүнісбеков жеке құрамға Семей қалалық полиция басқармасының жаңа бастығын таныстырды. ПД басшысы болып Ернар Базаров тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ернар Базаров құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. 2000-2012 жылдар аралығында Семей қалалық Ішкі істер басқармасында әртүрлі қызметтерді атқарған, соның ішінде тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы болған.

Реклама
Реклама

2012 жылғы қарашадан 2018 жылғы ақпанға дейін Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінде қызмет етті. 2018 жылдың ақпан-қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, 2018 жылдың 31 қазанынан бастап осы бөлімнің бастығы қызметін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram