30 желтоқсан 2021 | 10:33

Сенат Жоғарғы Соттың жаңа судьясын сайлады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Сенат депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша Нұрсерік Шәріповті Жоғарғы Соттың судьясы етіп сайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша Нұрсерік Шәріповті Жоғарғы Соттың судьясы етіп сайлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне сайлау туралы ұсыныс енгізді. Оның сот қызметінде тәжірибесі бар, 25 жылдан астам. Сот қызметін Алматыдағы аудандық соттың судьясы қызметінен бастаған, Алматы мен Маңғыстау облысындағы екі аудандық сотты басқарды. Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасын басқарды, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы, Жоғарғы Сот аппаратының басшысы болды", - деді Сенат отырысында Жоғарғы Сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

2018 жылдың желтоқсанынан бастап Шәріпов Қарағанды ​​облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған. Депутаттар Шәріповті сайлауға дауыс берді.

Реклама
Реклама

"Конституцияға сәйкес, Жоғарғы Сот судьясының ант қабылдауы Сенаттың ерекше қарауына жатады. Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне алғаш рет сайланған азамат ант беруі тиіс", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Шәріпов өз міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная