03 ақпан 2022 | 10:17

Сенаторлар Ғалымжан Пірматовты Ұлттық банк басшысы қызметіне мақұлдады

Ғалымжан Пірматов

Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары Ұлттық банк төрағасы лауазымына Ғалымжан Пірматовтың кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы қызметіне Ғалымжан Олжаұлы Пірматовты тағайындауға ұсыныс енгізді. Оның қаржы және бюджет саласында мол тәжірибесі бар. Сенат регламентіне сәйкес ұсынылған кандидатура қаржы және бюджет комитетінің отырысында талқыланды", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов сенаторлар алдында Пірматовтың кандидатурасын ұсынды. Ол Пірматов қазір "омикрон эпидемиясына байланысты" ауырып жатқанын түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы қызметіне Ғалымжан Пірматовты тағайындауға кандидатурасын ұсынды. Оның басшылығымен "Қазатомөнеркәсіп" айтарлықтай қаржылық көрсеткіштерге қолжеткізді. "Қазатомөнеркәсіп" Халықтық IPO-ға шықты. Пірматовтың жеке қасиеттері мен мол тәжірибесі міндеттерге қолжеткізуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз", - деді Сүлейменов.

Ашық дауыс беру кезінде депутаттар кандидатураны қолдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная