01 желтоқсан 2022 | 11:03

Сенатта Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Сенатта Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенатта Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаттарының дауыс беру нәтижесі бойынша, Расул Рахимов, Рашит Ахметов және Нұрлан Нұржанов Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі болып тағайындалды.

"Конституцияға сәйкес, Парламенттің әрбір палатасы Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге дербес тағайындайды. Жоғары есеп палатасының мүшелері лауазымына тағайындау үшін кандидатураларды палата төрағасы ұсынады. Аудиторлық палата мүшелігіне Расул Рахимов, Рашит Ахметов және Нұрлан Нұржановтың кандидатурасын ұсынамын", - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстанда Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ауыстырды. Палата Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау жүргізетін мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың жоғары органы саналады.

28 қарашада Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы болды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная