ПОДЕЛИТЬСЯ
10 шілде 2023 | 12:23
Шәкір Кейкін Атырау әкімі болып тағайындалды
Шәкір Кейкін Атырау әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шәкір Кейкін Атырау әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Атырау әкімі лауазымына Шәкір Кейкінұлы Кейкін тағайындалды", - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Шәкір Кейкін 1970 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ политехникалық институтын "тау-кен инженері" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1993 жылы Құлсары қаласында "Теңізмұнайкомплект" ЖШС-інде коммерциялық бөлімнің брокері қызметінен бастап, 1999 жылға дейін әртүрлі қызмет атқарған.
06.1999 - 01.2001 жылдар аралығында "РАМАКО" ЖШС-інде директордың коммерция жөніндегі орынбасары;
01.2001 - 02.2008 жылдар аралығында "Казстройсервис ЛТД" ЖШС-да директор;
02.2008 - 10.2008 жылдар аралығында Жылыой ауданы Қосшағыл ауылдық округінің әкімі;
10.2008 - 07.2009 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласы әкімінің орынбасары;
07.2009 - 10.2018 жылдар аралығында Жылыой ауданы Құлсары қаласының әкімі;
10.2018 - 02.2019 жылдар аралығында Атырау қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобильдары жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы;
02.2019 - 09.2019 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары;
09.2019 - 03.2022 жылдар аралығында Мақат ауданының әкімі;
03.2023 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда департаментінің басшысы қызметінде болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также