12 шілде 2021 18:29

Шығыс Қазақстан облысына жаңа прокурор тағайындалды

Алмат Байшолақов Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратура сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмат Байшолақов Шығыс Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратура сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымына аға әділет кеңесшісі Алмат Мұратұлы Байшолақов тағайындалды", - делінген хабарламада.

 Алмат Байшолақов 1975 жылы Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Реклама
Реклама

 Еңбек жолын Алматы қаласының Бостандық ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданының, Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратураларын, Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармаларын басқарды. Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің департаменттерін басқарды.

Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram