05 қыркүйек 2022 10:50

Тараз қаласына жаңа әкім тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: gov.kz

Орынбеков Бақытжан Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орынбеков Бақытжан Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Тараз қалалық мәслихатының келісімдері бойынша, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "автомобильдер және автомобиль шаруашылығы" және "тау-кен ісі" мамандықтары бойынша бітірген.

Реклама
Реклама

Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы "Заман" фирмасында бөлім бастығы болып бастаған.

Әр жылдары "Делдал" жеке кәсіпорны директорының орынбасары, "Жамбыл-Құпарлылық" АҚ-ның механигі, "Шығыс Таңы" Сауда-өндірістік компаниясы" ЖШС-нің бас директоры, "Тараз көлік жолы" ЖШС-нің президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның "Сауда-көлік компаниясы" ЖШС-де және "Волковгеология" АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.

2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" ШЖҚ РМК-ның бас директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, 2018-2021 жылдары "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен өндіру компаниясы" АҚ-да департамент директоры, Басқарушы директор – жобалық кеңсесінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі бас директор – Басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram