ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 қыркүйек 2024 15:05
Терроризмге қарсы қызметке жаңа басшы тағайындалды
Бақытбек Рахымбердиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Бақытбек Төлешұлы Рахымбердиев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2024 жылдың 16 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы барлау қызметі мен Терроризмге қарсы қызмет басшыларын қызметінен босатты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу