ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2022 | 10:12
Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Тимур Сұлтанғазиев денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ ұлттық медицина университетiн, Tulane University (АҚШ) бiтiрген. Еңбек жолын 2005 жылы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінің №1 қалыпты анатомия кафедрасының зертханашысы болып бастады.
2010 жылы – "Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми орталығы" АҚ білім бөлімінің жетекші маманы, маркетинг және стратегия бөлімі бас маманының міндетін атқарушы.
2010-2013 жылдары "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ Инновация және технологиялық трансферт департаментiнде түрлі қызметтер атқарған.
2013-2014 жылдары – "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының" президентi.
2014-2016 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген.
2016 жылы Республикалық денсаулық сақтау орталығы бас директорының орынбасары болды.
2016-2017 жылдары – Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң Медициналық қызметті стандарттау департаменті директорының м.а., директоры.
2017-2018 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды басқару департаментінің директоры.
2018-2020 жылдары – СҚО әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Петропавл қаласы.
2020 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлiгi Тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен қауiпсiздiгiн бақылау комитетiнiң төрағасы болды.
2021-2022 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также