Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарын тағайындады

Фото: Ақорда

Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының тағы бір орынбасарын тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, биыл наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды.

Реклама
Реклама

Соған сәйкес Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды.

Кейін Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, 2025 жылы 25 сәуірде Атом энергиясы жөніндегі агенттікке орынбасарлар тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама