Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді ауыстырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді ауыстырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшілікте ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшілікте ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

  • Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
  • Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама