18 сәуір 2024 11:07

Тоқаев елшілер арасында ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елшілер арасында ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елшілер арасында ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Реклама
Реклама

Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Айдарбек Әнуарбекұлы Тұматов Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Корей Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram