Тоқаев елшілер арасында ауыс-түйіс жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz архиві

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтары бойынша:

  • Тимур Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Алмұрат Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Жанна Сағынова Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Әнуарбек Ахметов Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
  • Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Саржанов Қазақстан Республикасының Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
  • Төлежан Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
  • Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.
Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама