Түркістан облысы полициясына жаңа басшы тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Түркістан облысы полициясына жаңа басшы тағайындалды Фото:gov.kz

Түркістан облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Арыстанғани Заппаров келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. Бұл қызметке Арыстанғани Заппаров келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоспарлы ротация тәртібімен ішкі істер министрінің бұйрығымен, Президент Әкімшілігімен келісу арқылы бірқатар кадрлық тағайындаулар жүзеге асырылды.

"Бұған дейін Алматы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған полиция генерал-майоры Арыстанғани Расилханұлы Заппаров Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды", – деп хабарлады ІІМ.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Түркістан облысы Полиция департаментін 2022 жылғы 4 ақпанда бұл қызметке тағайындалған Мұрат Қабденов басқарған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама