Ұлттық экономика министрінің інісі "Қазатомөнеркәсіпке" директор болып тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Ермек Қуантыров, фото eaeunion.org. Әлібек Қуантыров, фото gov.kz

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың інісі Ермек Қуантыров "Қазатомөнеркәсіп" компаниясында лауазымды қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың інісі Ермек Қуантыров "Қазатомөнеркәсіп" компаниясында лауазымды қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 5 шілдеден бастап Қазатомөнеркәсіптің құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болды.

"Қуантыров мырзаның функционалдық міндеттеріне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ, кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау кіреді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Ермек Қуантыров Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. Ол 1989 жылы дүниеге келген. Ермек Қуантыров - Ұлттық экономика басшысы Әлібек Қуантыровтың інісі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама